Қош келдің – Әз-Наурыз!

20-04-2017

Қош келдің – Әз-Наурыз!

Ағымдағы жылдың 18 наурызы күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар бастау алды. Алғашқылардың бірі болып Әзербайжан этномәдени бірлестігінің Наурыз мерекесі өтті. Шара барысында сөз алған Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Т. Төлеубеков қатысушыларды наурыз мерекесімен құттықтап,  ізгі тілегін білдірді. Мерекелік концертте ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын қойылымдар қойылды. Сондай-ақ жалынды жастардың «Лезгинка» биі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік іс-шара соңында далаға от жағып, Әзербайжан халқының көне дәстүрлерінің бірі жанып тұрған алаудан секіру рәсімін жасады. Бұл рәсім бойынша кім қаншалықты оттан биік секірсе, жамандық атаулыдан тазартылады деп ырымдайды.