06-12-2019
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» бағдарламаның жүзеге асуына жыл көлемінде белсенді қатысты. Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы әрбір ұлт өкілінің мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуде айтулы іс-шаралар ұйымдастырды.
<span style="font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, " open="" sans",="" "helvetica="" neue",="" "noto="" sans="" armenian",="" bengali",="" cherokee",="" devanagari",="" ethiopic",="" georgian",="" hebrew",="" kannada",="" khmer",="" lao",="" osmanya",="" tamil",="" telugu",="" thai",="" sans-serif;="" font-size:="" 13px;="" background-color:="" rgb(255,="" 255,="" 255);"="">2019 жылы атқарылған іс-шаралар:
Сабантой – аталған мереке Өскемен, Семей қалаларында кең көлемде аталды.
«Иван Купала» атты облыстық фестивалінде қатысушылар славян халқының мәдениетімен жақынырақ танысты.
«Беловодье» атты орыс ұлтының фольклорлық фестивалінде Қазақстан мен Ресей қалаларының шығармашылық ұжымдарының бірлестіктері өнер көрсетті. Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі және ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Корей мәдениетінің халықаралық фестивалі бағдарламасында театрландырылған көріністер, би және барабандарда ойнау болды.
«Асыл Мұра» қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Семей қаласында өткен іс-шараға ресейлік және қазақстандық қолөнершілер қатысты.
«Бабалар мұрасы» атты халық ауыз әдебиетінің фестивалінде қазақтың ұлттық құндылықтары ұлықталды. Аңыздар, көне ұлттық әндер мен күйлер шырқалды. Олардың шығу тарихы зерттелді.
Жоғарыда аталған іс-шаралар қоғамдық санаға оң әсер етті, этносаралық қатынастарды үйлестіруге ықпал етті. Азаматтардың патриоттық сезімдерін нығайтып, рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттады. Достық үйі «Рухани жаңғыру» жобасын табысты іске асырып, жыл көлемінде жақсы нәтиже көрсетті. «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» атты облыстық фестиваль қорытындысы бойынша Элдар Төлеубеков қажырлы еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.