«Достық үйлері жұмысының тиімді әдістерін енгізу туралы» облыстық семинар

25-09-2019

«Достық үйлері жұмысының тиімді әдістерін енгізу туралы» облыстық семинар

Өскеменде «Достық үйлері жұмысының тиімді әдістерін енгізу туралы» облыстық семинар өтті.

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ғимаратында қалалық және аудандық Достық үйілерінен келген қызметкерлер бас қосты. Олар облыстағы этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыстарды саралап, алдағы уақытқа жоспар құрды. Ұжымдағы жұмыс эффективтілігін арттыру мақсатында тәжірибелі спикерлер семинар өткізді. Көшбасшылық, шешен сөйлеу сияқты тақырыптағы тренингтер Достық үйі қызметкерлерінің көңілінен шығып, керек дағдыны ойға түйді. Одан бөлек әріптестер жаңа ҚР Еңбек кодексін басшылыққа алып, құжатқа енгізілген жаңа тармақтарды дұрыс түсіндіру және жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру үшін оларды сауатты пайдалануды үйренді.

Облыстағы ұлттар арасындағы тұрақтылықты сақтау мен ынтымақтастықты нығайтуда Достық үйлерінің қосар үлесі зор. Осындай іс-шаралар арқылы жұмыс тиімділігі де артары сөзсіз.