Ұйымшылдығы жарасқан – беларусьтар

23-12-2019

Ұйымшылдығы жарасқан – беларусьтар

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысы беларусь қоғамдық бірлестігінің орталығы «Талака» атты дәстүрлерін өткізді.

Бүкіл ауыл жиналып, көмек қолы керек үй иесіне болысуды беларусь халқы ертеден «Талака» деп атайды. Бұл құрылыс жұмыстары, бау-бақша жинау неме шаруашылық жұмыстары болуы мүмкін. Ұйымшыл халық жұмысты бірігіп істеп, кейін думандатып атап өтеді.

Достық үйінде бұл дәстүрді жиналған халыққа ән мен би арқылы жеткізіп, жастарға ұлттық дәстүрлерін дәріптеді. Классикалық, ұлттық әндерді нақышына келтіріп орындаған вокалдық ансамбльдар «Рамонки», «Крыничка» көрермендердің қошеметіне ие болды. Ал, трио «Гармония» болса, ерекше әндерімен көзге түсті. Сондай-ақ, аталған дәстүрге байланысты сұрақ-жауап сайысы өтті. Сайысқа көрермендер, әсіресе жастар белсене қатысты.