Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы

13-02-2020

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарованың, «Nur Otan» партиясының және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара барысында кеңеске қатысты түрлі мәселелер көтеріліп, этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен өзара байланыстар қарастырылды.

Одан бөлек, баяндамашылар өскелең ұрпақ тәрбиесіне, Қоғамдық келісім кеңесінің «Ассамблея жаршысы» газеті арқылы ақпараттандырудың нәтижесіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, жиналғандар Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарын талқылап, жастардың санасында ағартушының өмірі туралы нақты түсінік қалыптастырудың маңыздылығын және оның шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтудің қажеттігін атап өтті.

Отырыс «сұрақ-жауап» форматындағы өзара пікір алмасумен аяқталып, оның барысында Қоғамдық келісім кеңесінің одан әрі іс-қимылына қатысты ұсынымдар айтылды