20-04-2017
Ағымдағы жылдың 17 ақпаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің отырысы болып өтті. Шараға аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Отырыс барысында кеңес мүшелері өткен жылдағы атқарылған жұмыстарға қортынды жасай отырып, биылғы жылға арналған жаңа жұмыс жоспарын бекітті. Өз кезегінде сөз алған ШҚО ҚХА мүшесі Аналар кеңесінің төрайымы М.Б Бейсекенова үстіміздегі жыл еліміз үшін айтулы мерекелік шараларға толы екендігінне тоқтала келе, соның ішінде биыл Достық-үйі – Қоғамдық келісім орталығының 25 жылдық мерейтойы екендігін жеткізіп, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар тізбегі осы айтулы мерекелерге арналатынын атап өтті. Сонымен қатар кеңеске жаңа мүшелер қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын істердің ауқымы арта түсті.