Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған жылдың салтанатты ашылуы

22-01-2020

Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған жылдың салтанатты ашылуы

Өскеменнің Республика алаңында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардың ресми ашылуы өтті.

Салтанатты жиынға мемлекеттік қызметкерлер, оқушылар мен студенттер, волонтерлер белсенді қатысты. Аталған іс-шарадан Достық үйі қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктер, шығармашылық ұжымдар да тыс қалмады. Олар түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, іс-шараның  ажарын келтірді.

Өскемен қалалық мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған жылды ресми түрде ашып, құттықтау тілегін айтты. Жиналғандар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, дара ақынның рухына тағзым етті.

Соңында Хәкім Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін жастан кәріге дейін тебірене, әуелете шырқады.