«Тұңғыш Президент жолы» халық экспедициясы» жалпыұлттық жобасы

07-02-2020

«Тұңғыш Президент жолы» халық экспедициясы» жалпыұлттық жобасы

Бұл жобаның мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы жолында еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың орасан зор еңбегін бұқаралық санада өзектендіру; халық, әсіресе жастар арасында бейбітшілік пен бірлік саясатын көпшілікке насихаттау.

Кең көлемде аталып өтетін іс-шарадан Шығыс Қазақстан облысы да тыс қалмады. Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында экспедицияның салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестік мүшелері, қоғам қайраткерлері, ШҚО ҚХА волонтерлері және БАҚ қатысты.

Жиналғандарға Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері және оған арналған кітаптар көрмесі қойылды. Шығармашылық ұжымдардың өнерпаздары достық пен бірліктен көрініс табатын, жарқын, әрі кәсіби нөмірлерімен көрермендерді баурап алды.

- Әрбір қазақстандық Тұңғыш Президенттің сындарлы саясаты мен ел тәуелсіздігі жолында сіңірген еңбегін құрметтеуі тиіс деп ойлаймын. Елбасының арқасында Қазақстан халқы Ассамблеясы ашылып, ұлттар арасында ынтымақ орнады. Алғашқы Достық үйінің біздің облыста ашылып, Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуы – біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан аталған экспедицияда жастардың Тұңғыш Президенттің өмірбаянын, еңбек жолы мен мемлекет тарихын зерттеуі маңызды, - деді ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова.

Экспедицияға қатысышы барлық жастарға қызықта саяхат пен сәттілік серік болсын деп тілейміз