Еріктілер жылы

17-01-2020

Еріктілер жылы

Облыстық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы волонтерлік қозғалыс орталығының ашылу салтанаты өтті.

2020 жылдың 17 қаңтары – қазақстандықтар үшін ерекше күн. Дәл осы күні еліміздің барлық қалалары мен өңірлерінде ҚХА волонтерлік қозғалысы орталығы жұмысының тұсаукесері бойынша бірыңғай күн өтуде. Шығыс Қазақстан да аталған іс-шарадан қалыс қалған жоқ.

Аталған іс-шараға арнайы ШҚО әкімі орынбасары Әлішер Мархабат, ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова және этномәдени бірлестік мүшелері, шығармашылық ұжымдар, волонтерлер, жастар мен БАҚ қатысты.

- Бүгінде әрбір қазақстандық өзінің этникалық ерекшелігіне қарамастан, өзін біртұтас үлкен отбасының бір бөлігі ретінде сезінеді. Достық үйілері, этномәдени бірлестіктер облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. Олар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға зор үлес қосады. Волонтерлік қозғалыс орталығының ашылуы ҚХА-ның 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі бекер емес, - деді облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат.

Волонтерлік қозғалыс орталығының жұмысын таныстыру барысында 4 нақты бағытты атап көрсетті. Олар: әлеуметтік, білім, спорт және медиация.

Орталық 2020 жылға ауқымды іс-шаралар жоспарлап отыр. Атап айтқанда, оқушылар мен жастар арасында қайырымдылық акциялары, шеберлік сағаттары мен семинарлар, бизнес-тренингтер өткізу. Көпбалалы отбасыларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек қолын созу, оларды спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және оған ықпал ету.

Жақсылық жасауға ерікті ретінде 600-ден астам волонтер белсенділік танытты. Облыстың танымал тұлғалары да шет қалмады. ҚР спорт шебері, еңбек сіңірген бапкер, әйгілі жеңіл атлет спортшысы, ШҚО Спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков жастардың тың идеяларына қолдау білдіріп, волонттерлік қозғалыстың спорт бағытын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Еріктілердің шынайы, әрі жарқын бастамалары қоғамдағы әр азаматтың бақытты болуына ықпал етеді деп сенеміз. Волонтерлік қозғалыс еліміздің дамуын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз!