24-04-2017
Ағымдағы жылдың 24 сәуірі күні «Шаңырақ» медиация орталығында Өскемен қаласы бойынша алғаш рет отбасылық медиация кабинеті ашылды.Кабинеттің ашылу салтанатына қатысқан Достық үйі- қоғамдық келісім орталығыныңэтносаралық қарым - қатынас аясын талдау, бақылау, ғылыми - сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыздандыру қызметінің басшысы Л.М. Жұмашева өз сөзінде отбасылық медиация кабинетінің ашылуымен құттықтай отырып, ұжымның жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар шараға сот өкілдері жәнеқалалық медиаторлар қатысты.Шара барысында сөз алған «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Е.А.Абдрахманова отбасылық медиация кабинеті бүгінгі таңдағы қажеттілікке байланысты туындап отырған мәселе екендігіне тоқтала келе, жалпы отбасылық медиация кабинетінің міндет мақсатымен таныстырды.