11-02-2020
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы жанындағы татар этномәдени бірлестігінің ардагері Фарида Нурахметовна 85 жасқа толды.
Фарида Нурахметовна балалық шағы соғыс жылдарына тұспа-тұс келіп, еңбек еткен тыл ардагері. Өмірдің қиындығына қарамастан, қайсарлығы мен ерік-жігері арқасында оқу-білімге ұмтылып, ғұмырын ұздаздыққа арнаған жан. Өңірдегі татар ұлтының басын қосып, тілі мен дәстүрін ұмытпау жолында татар этномәдени бірлестігінің негізін қалаушы. Қазіргі таңда 5 баласынан 8 немере, 7 шөбере сүйіп отырған, өнегелі де аяулы әже.
Осы атаулы күні мерейтой иесін татар этномәдени бірлестік мүшелері құттықтап, алғыс хат табыстады. Мерейтой иесіне арнап, кішігірім мереке ұйымдастырды. Ардагерге арнап бірлестіктің жас мүшелері ұлттық әндерін шырқап, өлең жолдарын арнады. Аға буын болса, Фарида Нурахметовнаның өмір жолын жастарға үлгі-өнеге ретінде баяндады.
Татар этномәдени бірлестігінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагердің еңбегі өлшеусіз екені мәлім. Фарида Нурахметовнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!