31-05-2017
31 мамыр күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының алаңында Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті. Шара саяси қуғын –сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Қазақ халқы түрлі этникалық топтардан шыққан милиондаған тоталитарлық жүйенің салдарынан жазықсыз жазаланып туған жерлерінен қудаланған мыңдаған жандарды бауырына басты,- деп атап өтті Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков. Сонымен қатар ҚХА мүшесі Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л.Б.Шик және Шығыс Қазақстан корей қауымдастығы «Ноиндан» ақсақаладар кеңесінің төрағасы В.И.Ким немістер мен корейлер ұрпақтарының репрессия кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Облыстық Жамбыл театрының әртісі Марина Соколова нақышына келтіре өлең оқыса, Шығыс Қазақстан облысы тарихи өлкетану мұражайы тақырыпқа сай көрме ұсынды.