Бір шаңырақ астында

26-11-2019

Бір шаңырақ астында

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығындағы этномәдени бірлестіктер, шығармашылық ұжымдар, аудандық Достық үйінің директорлары, қоғам қайраткерлері мен жастар «Бір шаңырақ астында» атты семинар-тренингте білімдерін толықтырды.

Іс-шара екі бөлімге созылып, маңызды тақырыптар қозғалды. Жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, алдағы уақытқа жоспар құрылды. Жұмыс қарқынын ілгерілету мақсатында семинар-тренингте пайдалы ақпараттар айтылды. «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директорының орынбасары Равиль Юнусов «Қазақстандағы ұлтаралық келісім» туралы баяндама оқып, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өзара қарым-қатынасының маңыздылығын айтты. Баспасөз қызметінің маманы Айзада Бибулова болса, этникалық тақырыптарды қалай дұрыс, тиімді беруге болатынын көрсетті. Ол жалпы ақпаратты тарату, әлеуметтік желілерді пайдаланудың қыр-сырларымен бөлісті. Ал орыс этномәдени бірлестігінің төрайымы Вера Правдина еріктілер туралы жан-жақты түсіндірді. 2020 жыл еріктілер жылына жоспар құрды.

Екінші бөлімде мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесі айтылды. Аудандық және қалалық Достық үйлер арасындағы байланысты одан сайын нығайтып, ортақ шаралар ұйымдастыру берілді. Директор Элдар Төлеубеков бірқатар міндеттерді атаған соң, жыл көлемінде белсенді жұмыс атқарған Достық үйлері мен ұжымдарға, қоғам қайраткерлеріне алғыс айтып, салтанатты түрде марапаттады.