Ерліктері ел есінде

22-06-2017

Ерліктері ел есінде

Ағымдағы жылдың 22 маусымы күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында  ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен 1941 жылы  22 маусым күні басталып 1945 жылы 9 мамырда аяқталған  екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангер ардагерлердің ерліктерін ұрпақ жадында жаңғыртуға арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

         Шараға ардагерлер кеңесі  мүшелері  Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен ардагерлер қатысты.

Шара барысында сөз алған  ШҚО Ардагерлер кеңесінің  төрағасы А.С Шерубаев тәуелсіз бейбіт елде күн кешіп жатқан әрбір жас ұрпақ кешегі сұрапыл соғыста қолына қару алып қан майданға аттанған аталарымызбен сол тұста жауынгерлерге жеңіс тілей жүріп, тылда еңбек еткен апаларымыздың ерлігін еш уақытта ұмытпауы керек деді. Отырыс барысында ардагерлер сол тұстағы майдан даласыннан естеліктер айтып, ол күнді ендігі ұрпақтың басына бермесін деген ізгі тілектерін жеткізді.