Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптамалық тобының отырысы өтті.
Жиынға ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова арнайы қатысып, ғылыми сараптамалық топпен жақынырақ танысты. Топ мүшелері өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Жастар арасында ҚХА ғылыми сараптамалық тобының жұмысын насихаттау мақсатында құрамға жастарды қосты. Олар тарих факультетінің студенттері Раушан Жақыпбекова мен Олжас Нұрланов. Одан бөлек, Нелли Краснобаева Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік универтитетінің негізінде ҚХА ғылыми сараптамалық тобының жұмыс тобын құруды ұсынды. Ал топ мүшелері ұйымдастыру жұмысы бойынша Ресейде оқитын студенттер арасында Абайдың 175 жылдығына орай олимпиада өткізуді, өңірдегі демографиялық ахуалға сараптама және моноторинг жүргізуді ұсынды. Соңында топ мүшелері өзара пікір алмасып, жылдық жоспарларын бекітті.