Жарық мерекесі - Ханука

22-12-2019

Жарық мерекесі - Ханука

Шығыс Қазақстан облысы еврей қоғамдық бірлестігінің «Сион» мәдени орталығы Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында бас қосып, «Ханука» мерекесін атап өтті.

Аталған мереке қасиетті күндердің бірі. Бұл кезде олар ақ дастархан жайып, үстелге тәтті-дәмділер қояды. Үй ішін майшамдармен әшекейлейді. Кейде бұл мерекені «Жарық фестивалі» деп те атайды. Мерекелік дастарханға қойылатын тағамдар өсімдік майымен дайындалуы керек. Ханукада «Оладьи», «Пончик», «Латкес» және түрлі тәтті бәліштер дайындайды. Сол арқылы олар ізгілік зұлымдықты жеңген күн деп, жеңісті күндерін кең көлемде тойлайды.

2019 жылы еврей халқы «Ханука» мерекесін 22-30 желтоқсан аралығында тойлатады. Еврей бірлестігі мерекеге жиналғандарға «Ханука» дәстүрінің шығу тарихын баяндап, ойындар ұйымдастырды. Сыйлыққа дәстүрлі тәттілерін таратты. Ұлттық әндерін шырқап, өлең жолдарын жатқа оқыды. Барлығы мерекелік көңіл-күймен іс-шараны көңілді аяқтады