26-09-2019
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанындағы «Белорусь» этномәдени бірлестігі «Үлбі» медициналық-әлеуметтікорталығына барып, мерекелік концерт ұйымдастырды.
Шара мақсаты белорусь халқының салт-дәстүрін, өнерін көрсету арқылы «Үлбі» медициналық-әлеуметтік орталықта ем-дом алып жатқан адамдардың көңілін көтеру. Осы мақсатта бірлестік мүшелері белорусь халқының ұлттық мерекесі «Гуканне Вясны» мерекесін атап өтті. Мерекенің тарихы мен маңыздылығын айтты. Жиналғандарға музыкалық нөмірлер қойып, олардың қошеметіне бөленді. «Крынічка» вокалдық тобы классикалық, ұлттық әндермен көрермендер көңілін тапты.
«Үлбі» медициналық-әлеуметтік орталығы «Белорусь» этномәдени бірлестігіне керемет мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғын білдірді.