24-04-2017
Ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА мүшесі, «Иртишский форпост» қоғамдық бірлестігі, Славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.А Яковлевтің 60 жасқа толу мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті.Шара барысында мерейтой иесін құттықтау үшін сөз алған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директорының орынбасары О. Б Доценко, қоғамдық келісім мен бірлікті, ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Достық үйі ұжымы атынан үлкен алғысын жетікізе отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс, зор денсаулық тіледі. Мерекелік концертке Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының барлық этномәдени бірлестіктерімен аудандардан келген шығармашылық ұжымдары қатысып, той иесіне деген ақ тілектерін әсем әннің ырғағымен жеткізді.