20-04-2017
Көктем! Бұл кезді әркім өзінше тойлайды, ал татарлар болса, көктемдік мерекелерінің бірі «Чачак байрамы» - ежелгі, ұмытылған гүлдер мерекесін тойлауда. Бүгінде татарлар осы мерекені Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтеді. Ал, бүгін Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Шығыстың татарлары» бағдарламасы аясында, татар этномәдени бірлестігінің өкілдері ән мен би арқылы «Чачак байрамы» мерекесінің дәстүрлерін көрермендерге таныстырды.Отан – адамның қуаныш және мақтанышпен қайта оралатын мекені. Бұл оның үйі, отбасы орналасқан жері, мейлі, қандай ұлт болсаңда ең бастысы отаныңды сүю және қадірлеу. Дәл осылай татар халқының қазақ жеріне алғысын білдіретін «Туған - Як» әні кешті қорытындылады.