31-05-2017
30 мамыр күні Достық үйінің алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті. Мерекеге 3-6 жас аралығындағы 200- ден астам балалар қатысты. Қалалық Достық үйі және «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің бірлесіп ұйымдастырылған жобасы « Семей қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ-ның қолдауымен өтті. Мерекенің бағдарламасына «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында асфальтта сурет салу конкурсы және Достық үйінің әкімшілігімен алғаш ұйымдастырылған 1 қалалық «Таланттар отшашуы» және «Бейби шлягер» фестивальдары лауреаттарының қатысуымен ұйымдастырылған Гала концерт енді. Асфальт бетіне сурет салу конкурсына 80- нен астам бала, оның ішінде корей, неміс мәдени бірлестіктерінің балалары, №8 балалар үйінің, «Ажар» ясли-бақшасы, «Арман» , №15 балабақша, «Бес Асыл» шағын орталығы, «Асыл Жібек», «Алтын бала», «Қуаныш» мектеп-кешенінің тәрбиеленушілері қатысты. Әр балаға гелий шары, түрлі-түсті борлар және тағы басқа сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыларды «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Аккожина Назерке Маулитовна, қалалық білім бөлімінің өкілі Жұмағұлова Айжан Жұмабековна, қалалық мәслихаттың депутаты, «Семей қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ-нің төрайымы Айнұр Серикпаевна Арғынбекова құттықтады. Балалар мерекесіне Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері, ұлттық қолөнер үйірмелерінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер жанындағы вокалдық-би ұжымдарының қатысушылары, қалалық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік және коммерциялық ұжымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері арнайы шақырылды. Гала концерт 15 іріктелген номерлерден құралып, әр орындаудан кейін Іскер әйелдер қауымдастығы ҚБ-нің мүшелері қатысушы ұжымды марапаттау үшін сахнаға көтеріліп, мерекемен құттықтап жатты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты- балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау болса, негізгі мақсат- балалар бойындағы шығармашылықты дамыту болып табылады. Барша қатысушылар мен қонақтар аталған іс-шараны жоғары бағалады.
Қалалық Достық үйі