20-04-2017
Ағымдағы жылдың 2 сәуірі күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Армян этномәдени бірлестігінің Аналарға арналған мерекелік концерті өтті.Шараға этномәдени бірлестік өкілдерімен қала тұрғындары қатысты. Мерекеге қатысушыларды Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков және Армян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Д.Манучарян құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.Сонымен қатар шараның көркін бүлдіршіндердің орындауындағы түрлі билер мен әсем әндер аша түскендей. Жалпы армян халқының дәстүрі бойынша көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі бір ай көлемінде тойланады. Сондай-ақ, бұл күні аналарға ерекше құрмет көрсетіледі. Шара соңында қатысушы аналарға нәзіктік пен әсемдіктің белгісі болған, гүл шоқтарын табыс етті.