22-05-2017
2017 жылдың 20 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Славян әдебиеті және мәдениеті күніне»арналған мектеп оқушылары арасындағы облыстық шығармашылық жұмыстар байқауы қорытыланды.
Байқау тарихи реферат, шығарма, тарихи-эдеби эссе, музыка және сурет номинациясы бойынша өтті. Байқау тақырыптарының бірі облыстық Достық үйінің 25 жылдық мерекесін тойлау қарсаңындағыДостық үйі – қоғамдық келісім орталығына арналды.
Мейрамға облыстың қалалары мен аудандарынан қатысушылар жиналды. Барлық қатысушыларды мейраммен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары О.Б. Доценко құттықтады. Музыкалық марафонның ашылу құрметі Семей қаласынан Жұмабекова Әкежан мен Звягина Лилияға бұйырды. Көрермендер алдында фортепианинода Малютина Дарья, баяндаТимербеков Руслан мен Янкин Захар, «ММДэнс» хореографиялық би тобы, КабдоллаеваАйгериммен Гребенникова Елена «Казачок» биімен өнер көрсетті. Сондай – ақ, байқауға оқушыларды даярлауда атқарған жанкешті жұмыстары үшін оқытушы-тәлімгерлерде алғыс хатпен марапатталды. Номинациялар бойынша барлық жеңімпаздарға дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Шара соңы Михаил Николаевич Головковтың ескерткішіне гүл шоқтарын коюмен аяқталды.