20-04-2017
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», - атты тақырыппен халыққа жол тартқан Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті жолдауында, жаңа дәуір технологияларын игеру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды тапсырған болатын.Өздеріңізге мәлім бұған дейін, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында медиация кабинеті ашылып, барлық басқармалармен келісім-шартқа қол қойылған болатын. Осы істің жалғасы, әрі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламысын іске асыру мақсатында, бүгін яғни 17 сәуір күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, виртуалды медиация кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.Аталмыш шараға облыстық соттың судьялары, кәсіби медиаторлар, жергілікті және республикалық деңгейдегі БАҚ өкілдері қатысты. Бүгін біздің сіздерге көрсетіп отырған виртуалды кабинет, Қазақстан бойынша теңдесі жоқ алғашқы жоба. Оның артықшылығы, әрбір адам кез-келген ыңғайлы жерде компьютер немесе қалта телефондары арқылы кез-келген шешуін таппай келе жатқан сұрақтарын кәсіби медиаторларға жолдау арқылы тез уақыт аралығында шеше алады. Бұл жоба, Елбасымыз бастап, бағыт берген «Цифрлық Қазақастан» атты бағдарламасының жарқын келбеті , -деуге әбден болады дейді Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы. Жоба ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап өз қызметін бастайды.