Еңбек түбі - зейнет

26-09-2019

Еңбек түбі - зейнет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерімен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ұжымы кездесті.

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлері салымшылар мен алушыларға арналған жаңа мүмкіндіктері туралы баяндады. Әр қызметкердің зейнетақы қорын бақылауға мүмкіндігі бары айтылып, ұялы қосымшаны қалай қолдануды көрсетті. Одан бөлек Президент Жолдауында айтылған зейнетақы алу туралы заңнаманың қаралып жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде ұжымдастар көкей кесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Жеке куәліктерімен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ұялы қосымшасын қосып, қолдану тәсілдерін үйренді. Бұндай танымдық кездесу «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» қызметкерлері үшін пайдалы болды.