Өткен ғасырға сапар шегіп..

09-10-2019

Өткен ғасырға сапар шегіп..

Этномәдени бірлестіктің белсенді жастары тарих зерттеушілерінің орнында болып қайтты. Өскемен, Семей, Риддер және Алтай қалаларынан жиналған жастар шығыстың шырайлы жерлеріне саяхаттап, тарихи-мәдени орындарға барды.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы қонақтарды жылы қарсы алып, аймақ бойынша экскурсия жүргізді. Танымдық экскурсияны білікті маман Жәния Сегізбаева бастап, тарихи ескерткіштермен таныстырды. Жастар тек көзбен ғана көріп қойған жоқ, құнды жәдігерлерді нағыз археологтар сияқты зерттеді. Олар тарихтан сыр шертер орындарда жүріп, өткен ғасырға сапар шекті.

Іс-шараның мақсаты жастарға туған өлке тарихын дәріптеу, Шығыс Қазақстан жерін мекендеген ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін таныстыру, тарихи-мәдени орындардың ел тарихы үшін маңыздылығын түсіндіріп, ескерткіштер мен жәдігерлерді қастерлеп, сақтауға үйрету.

Тарихсыз келешек жоқ. Өйткені, ол - ақиқаттың құралы. Жиынға қатысқан үлкен-кіші киелі де тарихи өлкенің жетістігінен мол ақпар алып, келелі келешегіне көз жеткізді.