27-01-2020
Өткен жексенбіде ауыр музыка әуесқойларының кеші өтті. Ауыр музыка деген не? Иә, бұл рок музыка!
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығындағы рок-фестиваль ерекше өтті. Себебі, казак этномәдени бірлестігі ұлттық музыка мен заманауи поп-музыканы шебер үйлестіріп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бір сахнада өнер көрсеткен рокерлер мен казактар танымал әншілер мен топтардың композицияларын орындады. Атап айтқанда: «Король и Шут», «ДДТ», Виктор Цой, т. б. Жиналғандарды таңғалдырған, ең есте қаларлық нөмір - казактардың ұлттық биі «Қылышпен би». Рок музыкасына билеген өнерпаздар күтпеген шоу жасады.
Фестивальді өткізудің басты мақсаты - қала мен облыстың музыкалық мәдени дәстүрлерін жаңғырту, сондай-ақ, өлкеміздің шығармашылық жастарын бұқаралық мәдениетті қалыптастыруға тарту болып табылады.
Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін облыстағы «Эра», «Пульсация вен», «Эрцгамма», «Аркентстон», «Шерифы» сияқты рок топтар бірікті. «Бұл тек бастамасы ғана» дейді ұйымдастырушылар. Болашақта рок фестиваль кең көлемде аталып өтіледі деген сенімде.