09-11-2019
<span style="font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, " helvetica="" neue",="" geneva,="" "noto="" sans="" armenian",="" bengali",="" cherokee",="" devanagari",="" ethiopic",="" georgian",="" hebrew",="" kannada",="" khmer",="" lao",="" osmanya",="" tamil",="" telugu",="" thai",="" sans-serif;="" font-size:="" 13px;="" background-color:="" rgb(255,="" 255,="" 255);"="">Съезд шеңберінде «Қоғамда толерантты діни сана қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің рөлі», «Радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыптарындағы мәселелер талқыланды.
Іс-шараның мақсаты адамдар арасында дін туралы шындыққа жанаспайтын, жалған ақпараттардың тарауын қысқарту. Олардың дінге деген көзқарасын дұрыс арнаға бұру.
Қазіргі таңда теріс ағымдар, қате діни түсініктер көбінде әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Дүниежүзілік ғаламтор желісіне түскен кез келген ақпараттық сүзгіден өтпейтіні белгілі. Бірақ оны сауатты қолдана білсек, мүмкіндігі орасан зор. Осы мақсатта «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директорының орынбасары Равиль Юнусов этномәдени және діни бірлестіктерінің әлеуметтік желілерде жұмысын дамытуды ұсынды.
Осы атаулы жиындар жалпы қоғамда діни сауаттылықтың артуына ықпал етеді. Ал, облыстағы бірлестік мүшелері бір-бірінің дінін сыйлап, құрметтеуі маңызды.