05-07-2017
Ағымдағы жылдың 5 шілдесі күні еліміздің жүрегі әсем қала - Астана күніне орай Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының алаңында қала тұрғындарымен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік шара өтті. Мерекелік кешке жиналғандарды ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ Нұрғазиев құттықтай отырып Астанадай керемет қала тек бізде ғана бар, оны әрқайсымыз мақтан тұтуымыз керек деді. Алаңға арнайы қойылған баннерге шараға келген қонақтар Астананы туған күнімен құттықтап, өз тілектерін жазып естелікке қалдырды. Шара мақсаты Астананың бүгінгі таңдағы еліміздің көрікті шаһар еліміз үшін бірден - бір қасиетті мекен екендігін, жас ұрпаққа насихаттау болып табылады. Сонымен қатар шара барысында Астанаға арналған көрме ұйымдастырылып көрермендердің қатысуымен түрлі ойындар ойнатылды. Мерекелік концерттің көрігін этномәдени бірлестік өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдардың Астанаға арналған ән жырлары қыздыра түсті.