10-10-2019
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында жасөспірімдер арасындағы дау-жанжалды шешу және алдын алу мақсатында білікті медиатор оқушылармен кездесті.
Бүгінде мектеп өмірінде оқушылар арасында дау-дамай, қақтығыс, кикілжіңдер жиі туындап, мәселе ушығып жатады. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз, әрі өте сезімтал келеді. Сондықтан мек-теп оқушыларына медиатордың көмегі ауадай құжет.
Мектептегі медиация – бұл Қазақстан бойынша жаңадан енгізілген медиацияның бір бағыты. Ол туындаған қақтығыстарды бейбіт шешеді, балаға тәрбие беру, бі-лім беру салаларында қауіпсіз орта қалыптастырады. Яғни, осы саладағы кез кел-ген субъект арасындағы дауларды шешуге медиацияның осы түрі атсалысады. Биылғы жылы Қазақстанда «Медиация туралы» заң қабылданып, бұл сала қарыш-тап дамып келеді.
«ULAN» медиация және құқық орталығының маманы, кәсіби медиатор Түлетай Танекенова кездесу барысында оқушылар арасындағы дау-дамай неден туындай-тынын көрсетіп, екі тарапты қалай бір ымыраға келтіруге болатынын айтты. Бала-лармен жақын әңгімелесіп, олардың бастарынан өткен жағдайларды саралады.
- Оқушылардың көбі туындаған дау-жанжалдар туралы жасырады, ата-аналарына айтпайды. Сондықтан жағдай ушығып, кәмелетке толмаған жас-тар арасындағы қылмыстың көбеюіне әкеп соғады,- дейді медиатор.
Түлетай Танекенованың айтуынша 2015 жылдан бері мектеп медиациясын енгізу жобасы әзірленген. Ең алғаш Марсеков атындағы мектепте медиация сыныбы ашылыпты.
Кездесуге арнайы 7 сынып оқушылары шақырылды. Себебі, дәл осы жаста бала-лар өтпелі кезеңге өтетіні белгілі. Олар медиатормен сырласып, мәселелерін ай-тып арқа-жарқа болды. Маманның айтқандарынан көп дүние түйді