Сабантой- бейбітшілік пен жасампаздықтың мейрамы

24-05-2017

Сабантой- бейбітшілік пен жасампаздықтың мейрамы

2017 жылдың 21 мамырында Полковничий аралында жылда өтетін халықтық Сабантой мерекесі болып өтті. Оны Кәмиля Исмаилова басқаратын Шығыс-Қазақстан облыстық татар қоғамдық орталығы, Семей қаласының әкімдігі, қала әкімі Ермак Салимов, қалалық мәдениет бөлімі және жергілікті Достық үйінің өкілдері ұйымдастырды. Мереке басында 200-ден астам балалар «Әлем халықтарының биі» атты флешмобты Сабантой қонақтарына ұсынды. Шараның ресми бөлігін алғы сөзбен қала әкімі Ермак Салимов ашты. Ол мерекенің салтанатты ашылуы барысында алғыс хат пен наградаларды Дүниежүзілік татарлар конгресі мен Татарстан республикасының Қазақстандағы өкіліне табыс етті. Сонымен қоса шара барысында атап өтілгендей жергілікті Татар қоғамдық орталығының атына Татарстан Республикасының Президенті Р.Н. Миннихановтан және осы елдің алғашқы Президенті М.Ш. Шаймиевтен құттықтаулар келгені туралы айтылды. Өткен Сабантойдын мәдени бағдарламасы жан-жақты болды деп айтуға болады. Шара аясында би фестивалі, мәнерлеп оқу және әншілер конкурстары, сонымен қатар ең үздік сауда орталығы мен демалысты жақсы өткізген отбасы анықталды. Ал концертік бағдарлама барысында орталық сахнада өз өнерлерімен жиналған қауымды қаланың және облыстан келген шығармашылық ұжымдар, этномәдени орталықтардың өкілдері мен Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Алмаз Ишмуратов тәнті етті. Дәстүр бойынша мереке барсында татарша күрес, қанат тарту, кір көтеру, армреслинг сияқты спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Оларға қатысушылар әрине бағалы сыйлықтармен және басқада есте қалатын жүлделермен марапатталды. Басты жүлде – қошқарды жерлесіміз Шыңғыс Қыдырманов жеңіп алды. Тағы айта кетерлігі Сабантойда тігілген екі қазақ үйде ұлттық тағамдар ұсынылып онда шараға қатысқан қонақтарға, этномәдени орталықтардың өкілдеріне, спортшыларға қошамет көрсетілді. Осы мерекені ұйымдастырушылар Сабантойды өткізуде көрсетілген қолдау мен көмек үшін шараның басты спонсоры Тимур Давлетшинге («Корифей» ЖШС) және қала кәсіпкерлері мен Семей жұртшылығына өз алғыстарын білдіреді.