12-06-2017
Сабантой – мамыр айының соңы мен маусым айының аяғында тойланатын, нақты тойлау уақыты белгіленбеген, татар ұлтының танымал мейрамы. Сабантой дегеніміз не және оның татарлар үшін қандай маңызы бар? Сабантой- ол бүкілхалықтық ойын-сауықтық іс-шара. Оған кәсіпқой спортшылар ғана емес, өздері қалаған кез-келген көрермен қатыса алады. Бұл іс-шара қызықты әрі көңілділігімен ерекше, және бірлік пен татулыққа шақыратын мереке болғандықтан татар ұлты мен басқа ұлт өкілдерінің, сондай-ақ салтанатқа қатысушылардың сүйікті мейрамы болып табылады.
Өскемен қаласында Сабантой жыл сайын кең көлемде тойланады, осы жылы Сабантой алғашқы рет Достық Үйі- Қоғамдық келісім орталығында аталып өтті. Іс-шара концерттік бағдарлама мен спорттық ойын жарыстарынан тұрды. Семей қаласы мен Қазан қаласынан қонақ болып келген әртістер концерттік бағдарламаның сәнін келтірді. Ерекше көзге түскен «Татарча куряш» деп аталатьын спорттық сайыс болды. Концерт соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен спорттық сайыс жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.