Мемлекет негізі – отбасы

15-05-2020

Мемлекет негізі – отбасы

Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген қоғамның
15-мамырда Қазақстан «Халықаралық отбасы күнін» атап өтеді. Бұл күн көпұлтты мемлекет үшін ерекше күн. Себебі, мемлекетімізде әртүрлі ұлт өкілдері шаңырақ көтеріп, бір отбасы болып отыр. 
Атаулы мерекеге орай, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы «Instagram» парақшасының тікелей эфирінде «Мемлекет негізі – отбасы» атты кездесу ұйымдастырды. Кездесуге ШҚО ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова, қоғам қайраткерлер, этномәдени бірлестік мүшелері мен шығармашылық ұжымдардың өнерпаздары қатысты. 
Іс-шара барысында Жанна Асқарова оқырмандарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Сонымен қоса, интернационалды отбасылар туралы әңгіме өрбітті. Ал, тікелей эфирге шұғылалы Грециядан қосылған «Халықаралық бақытты отбасы институты» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Ольга Иванова болса, отбасындағы өзара сыйластық туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Аналар кеңесінің мүшесі Карина Марянян әйел адамның қоғамдағы рөлі, бала асырап алу және отбасындағы ананың орны туралы айтты. Сұхбат арасында Аян Қалымбек көркемсөз оқыса, татар этномәдени бірлестігінің мүшелері, Сариповтар отбасы әуезді әнмен оқырмандарға мерекелік көңіл күй сыйлады. 
Тікелей эфир жоғары дәрежеде өтті. Оқырмандар жағымды эмоциялар мен пайдалы ақпараттар алды.