31-01-2020
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында жастарға «Көшбасшы бол» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Экономика және қаржы колледжінің студенттері семинарға ерекше ынтамен арнайы қатысты. Шешен сөздің мамандары оларға түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Равиль Юнусов жастарға олардың қоғамдағы рөлі, көшбасшылық қабілетті дамытатын әдіс тәсілдер туралы егжей-тегжей түсіндірді. Ал Вера Правдина шешен сөйлеудің қыр-сырын үйретті. Әлеуметтік желінің жілігін шағып, майын ішкен Айзада Бибулова болса, SMM – технологиялары туралы қызықты ақпаратымен бөлісті.
Жиналғандар одан бөлек волонтерлік қызмет туралы сөз қозғап, оның жан-жақты дамудағы оң әсерін айтты. Өзгеге қол ұшын созудың маңыздылығын түсінген жастардың басым көпшілігі ҚХА волонтерлер қатарына қосылуды жөн көрді.
Семинар «Сұрақ-жауап» форматында аяқталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.