12-03-2020
«Волонтерлер жылы» аясында Курчатов қаласындағы Достық үйінде «Қазақстандағы волонтерлік – формалары мен әдістері» атты семинар-тренинг өтті. Шараға қаланың білім беру ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелерінің волонтерлері қатысты.
Волонтерлер алдында Курчатов қаласының волонтерлік қозғалыс орталығының төрайымы - Әсемгүл Қалимолдина және жастар ресурстық орталығының әдіскері - Мадина Әсемгүл құттықтау сөз сөйледі.
Олар еріктілерге 2020 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстары және жоспарлары туралы айтып, қатысушылардың пікірлері мен идеяларын тыңдады.
Әсемгүл Қалимолдина ҚР ҰЯО Атом энергиясы институтының, қала мектептерінің, 3514 әскери бөлімінің белсенді волонтерлік қызметін атап өтті.
Одан кейін тренинг эстафетасын ШҚО заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалының психологы жалғастырды. Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясынан Зарина Темирханова қызықты және мазмұнды іскерлік ойындар өткізді. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.