19-09-2019
Үнемі ізденіс үстінде, жаңа білімге құштар жандар үшін семинар-тренингтардың берері мол. Өскеменнің бір топ спикерлері Риддер жастары үшін мотивациялық кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің өтуіне ықпал еткен Риддер қалалық Достық үйі оқушылар мен студенттердің басын қосты. Орталықтан келген мамандар алған білімдерімен, жиған тәжірибелерімен бөлісті. Равиль Юнусов «start-up жобасы» және көшбасшылық туралы айтса, Вера Правдина шешен сөйлеудің қыр-сырын үйретті. Ал Артамонов Владислав болса ұжымда жұмыс істеудің маңыздылығын, Бибулова Айзада журналистика және SMM-технологиялар туралы семинар-тренинг өткізді.
Жастар семинарға белсене қатысып, зейін қойып тыңдады. Көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Спикерлердің баяндамасынан керемет әсер алған олар одан әрі жігерлене түсті. Болашаққа жоспар құрып, мақсатқа жету жолында керек қасиеттермен сусындады.