27-03-2020
«Волонтерлер жылы» аясында Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында танымдық бизнес-тренинг өтті. Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлері қатысты.
Бизнес-тренингтер не үшін қажет? Ең алдымен, мекеменің қызметі мен өнімділігін арттыру үшін керек. Жақсы бизнес-тренинг команда ішінде жұмысты ұйымдастыруға, ұжымды біріктіруге және жаңа идеялардың ағынын ынталандыруға көмектесе алады.
Тренинг барысында волонтерлер кәсіпті басқарудың қыр-сырлары мен ерекшеліктерін меңгерді. Үйренген дағдыларын топқа бөлініп, бизнес-жобалар іске асыруда көрсетті. Кейін «Қазақстандағы бизнестің дамуы» тақырыбында ой өрбітіп, пікір алмасты.
Волонтерлер бизнес-тренингтен болашаққа бағдар алып, кәсіпке алғашқы қадам жасады.