01-10-2019
Халықаралық Қарттар күніне орай «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.
Шараға егде жастағы қала тұрғындары, этномәдени бірлестіктер, шығармашылық ұжымдар қатысты. Мерекелік концертте ұлттық әндер шырқалып, жиналғандар бірге әуелетіп ән салды. Шәй дастархан жайылып, қариялар бір-бірімен әңгіме-дүкен құрды. Кейін жас кездерін естеріне түсіріп, би кешінде көңіл көтерді. «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» қарттарды Шығыс Қазақстан жерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық ынтымақтастықты нығайтуға және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапаттады.
«Атасыз үй–батасыз, ал анасыз үй–панасыз» демекші қарттар – біздің асыл қазынамыз. Кейінгі ұрпақ ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарымызға сый-құрмет көрсетіп, қадірлеу керек. Осы мақсатта жыл сайын Қарттар күнін «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» кең көлемде атап өтеді.