19-04-2017
7 қаңтар - әлем православтарының киелі «Рождество» мерекесі бүгін де, Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында аталып өтті. Осы күні өткізілетін ғибадаттар бейбітшілік пен келісімге, татулық пен мейірімділіке шақырады.
Шара барысында сөз алған Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А. Қ. Нұрғазиев барлық жерлестерін мейірімділікпен татулыққа шақырған Рождество мерекесімен құттықтаса, Өскемен қалалық шіркеуінің әулие әкесі Алексей мерекелік қасиетті дұғаларын оқыды.
Кең көлемде тойланған мерекеге славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінің барлық этномәдени бірлестік өкілдері бір кісідей қатысып, көрермендерге жоғары деңгейдегі тамаша мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бұл мереке ары қарай Өскемен қалалық шіркеуінде жалғасады