Туган кунынызбен, Майра ханым!

06-04-2020

Туган кунынызбен, Майра ханым!

                                                                   Құрметті Майра Шүршітбайқызы!

Шығыс Қазақстан жерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық ынтымақтастықты нығайтуға, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіре отырып, туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен ғылыми сараптамалық тобында қызмет ету барысында өз ісіне адал, кәсіби шеберлігі жоғары, ынталы да талапты ақжарқын мінезіңізбен ерекшеленесіз.
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз!