Төлеген Тоқтаров көшесінде өткен мереке

05-05-2017

Төлеген Тоқтаров көшесінде өткен мереке

Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні  Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығынның  және ҚХА Жастар лигасының ұйтқы болуымен Кеңес одағының батыры Төлеген Тоқтаровқа арналған тамаша мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында сөз алған ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев мерекеге қатысушыларды алда келе жатқан Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар Жастар лигасының ұйымдастыруымен қалалық қоғамдық көліктерде 9 мамыр жеңіс күніне арналған мерекелік флешмоб өткізілді. Мерекелік шара барысында патриоттық тақырыптағы әсем әндерді жас өнерпаздар әуелете орындады. Шараға этномәдени бірлестік өкілдерімен студент жастар қатысты.