11-12-2019
Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар жылының» жабылу салтанаты өтті. Аталған шараға «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» белсенді жастары қатысып қайтты.
Салтанатты жиынға республиканың түкпір-түкпірінен 500 астам адам келіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент 2019 жыл жастар үшін мақсаттары жүзеге асқан табысты жыл болғанын атап өтті.
Шығыс Қазақстан атынан айтулы шараға «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Равиль Юнусов қатысу құрметіне ие болды.
- Ағымдағы жылы, біз, жастар арасында қала, облыстың тарихи-мәдение құндылықтарын дәріптейтін бір қатар іс-шаралар ұйымдастырдық. Жастардың жан-жақты дамуына үлес қосып, белсенді жастар қатарын көбейттік, - деді Равиль Юнусов Жастар жылы атқарылған жұмыстарына қорытынды жасап.
Жалпы, Жастар жылы аясында Достық үйі жанынан 100 жуық жастардың басын қосқан «Қалалық квест» ойындары, өзекті тақырыптарды қозғаған семинар-тренингтар, республикалық «Бірлік» жастар лагері, түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер кең ауқымда аталып өтті.
Шығысқазақстандық жастар Жастар жылын жоғары дәреже аяқтап, келер жылы – «Еріктілер жылына» жаңа күш-жігермен қадам басады.