«Ажарым» ансамблі

20-10-2019

«Ажарым» ансамблі

Ұлттық өнерді жас ұрпақ бойына дәріптеп жүрген «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанындағы «Ажарым» ансамблі есеп беру кешін өткізді.

«Ажарым» ансамблі 2005 жылдан бері өнер сүйер қауымды таланттымен қуантып келеді. Ұжым қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттап, әр шығармашылық нөмірі шағын қойылымға ұқсайды. Есеп беру кешінің шымылдығын да «Беташар» деп аталатын шағын қойылыммен ашты. Жаңа түскен келіннің бетін ашу, отқа май құйғызу, орамал тағу сияқты барлық салт-дәстүр жоралғыларын бір қойылымға сыйдыра білді. Гүлзада Хамитова жетекшілік ететін шығармашылық ұжымда 30-дан аса өнерпаздар бар. Олар ұлттық және заманауи әндер айтып, түрлі ұлт өкілдерінің билерін мың бұрала билейді. Онымен қоса, ұлттық аспаптарда заманауи әуендерге попурри орындайды.

Кеште «Вайнах», «Еркетай», т.б. шығармашылық ұжымдар «Ажарым» ансамблін құттықтап, өнер көрсетті. Республикалық «Х-фактор» жобасының жеңімпазы, әнші Евгений Выблов арнайы концертке келіп, жиналған жұрттың қошеметіне бөленді.

Ансамбль құрылған жылдан бері түрлі облыстық, республикалық, тіпті, халықаралық сайыстардың жеңімпазы. Өскемен қаласында ұйымдастырылатын бірде-бір шараның «Ажарымсыз» өтпеуі, оның үздік шығармашылық ұжым екендігінің дәлелі.