29-05-2017
Ағымдағы жылдың 28 мамыры күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында Түлету мектебінің түлектеріне арналған мерекелік есеп беру концерттік салтанатты шара өтті. Шара барысында сөз алған ҚХА мүшесі Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Л.Б Шик түлектерді кезекті бітірулерімен құттықтап, жалпы татулықпен бірлікте әр этнос өз тілімен бірге мемелекетік тілді үйренуге зор мүмкіндік жасаған Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә. Назарбаевқа алғыз білдіруіміз керек, - деді өз сөзінде. Сонымен қатар өз кезегінде сөз алған Түлету мектебінің директоры Г.Қ Габдуллина түлектерді мерекелерімен құттықтай отырып, жылдың үздік түлектеріне демалыс орындарына арнайы жолдамалар табыстады. Сондай –ақ шараға жиналған қонақтарға Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының шығармашылық ұжымдары мерекелік концерт ұсынды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шарадан көрермендер де үлкен әсер алып тарқасты.