Өскеменде

05-09-2019

Өскеменде "Қазақстан халқы тілдері мерекесін" атап өтті

«Қазақстан халқының тілдер мерекесі» күніне орай Достық үйі Ұлттық ұлан сарбаздарымен бірлесіп концерт өткізді.

Мерекелік концертте этномәдени бірлестіктер, шығармашылық ұжымдар және сарбаздар өнер көрсетті. Шараға қала қонақтары белсенді қатысты. Олар құлақ құрышын қандырар әуезді ән мен мың бұралған бишілердің өнерін тамашалап, демалып қайтты.

Шараның мақсаты ҚР Президентінің ағымдағы Жолдауын басшылыққа ала отырып, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулықты қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жалпы тілдің маңыздылығын түсіндіру.

Бұндай шаралар ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға, қала тұрғындарының рухани және мәдени дамуына өз ықпалын тигізеді.