03-03-2020
Білім бағыты бойынша ШҚО ҚХА волонтерлері «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Әлеуметтік желілер коммуникацияның жаңа тәсілі ретінде» атты семинар-тренинг өткізді.
Семинарда әлеуметтік желілерді қолданудың қыр-сырын егжей-тегжей түсіндірді. Жеке парақшаны қалай қызықты жүргізуге болады, сапалы фотосуреттер түсіру, оқырмандар жинау сияқты тұстары айтылды.
- Виртуалды әлемге де шынайы өмірдегідей жауапкершілікпен қарау керек. Себебі, әр айтқан, жазған сөзге қазіргі таңда заң жүзінде жауап береміз. Сондықтан жастар арасында ғаламторды сауатты пайдалануды үйрету маңызды, - дейді Айзада Бибулова.
Ғаламдық өркендеудің қазіргі сатысында әлеуметтік желі көш бастап тұр. Бүгінде уақытының тең жартысын әлеуметтік желіге арнайтындар саны көп. Тіпті, кейбіреуі ғаламтор арқылы қаржы табатыны тағы бар. Осы орайда, жастарға әлеуметтік желідегі парақшаны қызықты ету, оны сауатты қолдану туралы пайдалы ақпарат берілді.
Одан бөлек, жиналғандарға волонтерлік қызмет туралы айтылды. «Волонтерлер жылы» аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы бөлісті. Жастар қызығушылық танытып, басым көпшілігі ШҚО ҚХА волонтерлер қатарына қосылды.
Соңында волонтерлер жастарды Достық үйіне қызықты экскурсияға шақырды.