20-03-2020
Семей қаласындағы Достық үйінің волонтерлері қала тұрғындарына маска таратып, акция ұйымдастырды.
Семей медициналық университетінің ректоры, әрі ҚХА-ның волонтері – Ерсін Жүнісов Достық үйі волонтерлеріне 500 медициналық маска беріп, қайырымдылық іс-шарасына үлес қосты.
- ««СМУ» КЕАҚ Университет госпиталі» жанында тігін цехы жұмыс істейді. Қазіргі таңда біз маска жасаумен айналысудамыз. Ең алдымен университет қызметкерлерін, «Университет госпиталіндегі» дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қамтамасыз еттік. Сонымен қатар, тұрғындарға да көмек қолын созуды дұрыс деп шештік, - дейді ректор.
Антонина Клиновицкая, Ядвига Радионова, Ольга Ушакова, Мария Горбачева есімді волонтерлер тұрғындарға маска тарата жүріп, індеттің алдын-алу шараларымен таныстырып өтті.
Біз барлықтарыңызға денсаулық тілей отыра, осынау қиын кезеңде сабырлық танытып, медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалауға шақырамыз! Барлығымыз бірге жұмылып, қиындықты еңсереміз деп сенеміз!