Шығысқазақстандықтар фронт-офистің ашылу салтанатына қатысты

15-02-2020

Шығысқазақстандықтар фронт-офистің ашылу салтанатына қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында «BizBirgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі ашылды. Аталған іс-шара барлық өңірлерді қамтыды. Шығыс Қазақстан облысының делегация құрамында ҚХА волонтерлері, мемлекеттік қызметкерлер, жастар ресурстық орталығының өкілдері, студент-жастар болды.

Фронт-офистің ашылу салтанатына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, волонтерлер мемлекеттің нағыз патриоттары екенін және оларға сенім артатынын жеткізді.

Қатысушыларға бұдан бөлек өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісетін алаң, жаңа білім мен дағды игеретін семинар-тренингтар ұйымдастырылды.

«BizBirgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі түрлі бағытта қызмет етеді. Атап айтқанда тұрғындарға волонтерлік қызметті насихаттау, волонтерлік қозғалыс орталықтарын басқару, жаңа жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Волонтерлік қызметтен бөлек, өңірлік спикерлер мен басқада тренерлерді оқытатын алаңға айналады.

Бұл жоба Қазақстанда волонтерлік қозғалыстың дамуына әсер етеді.