27-11-2019

"Жемчуга" клубы

Қарт адамдар үшін өмірдің соңына дейін жинақталған тәжірибені: белгілі бір адамгершілік және рухани құндылықтарды сақтау өте маңызды екені баршаға мәлім. Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы жанындағы "Жемчуга" клубы жігерлі қарт адамдар шығармашылықпен айналысып, жаңа достар табатын орын. Клуб мүшелерінің кездесулері ай сайын өткізіледі және олар әрдайым жарқын, көңілді оқиғаларға толы.

Мұнда әркім өзінің "шығармашылық орнын" табады. Біреулер ән айтып би билесе, біреулері көркемсөз оқиды. Клуб қатысушыларының көпшілігі поэзияға әуестенеді. Әр түрлі авторлардың шығармаларымен танысып қана қоймай, өздері де өлең жазады.

Егер сіз бос уақытыңызды тиімді пайдаланып, жаңа ортамен танысқыңыз келсе клубқа мүше болыңыз. Немесе әр айда өтетін кездесуге қатысып, шығармашылық ұжымдардың вокалдық композицияларын тыңдап, өзіңіз қоса ән айтыңыз. Бұл жерде әр түрлі шығармашылықпен айналыса аласыз: вокал, би, кескіндеме, жазушылық, қолөнер және т.б. Сонымен қатар, жаңа достармен үстел ойындарын ойнай отырып, тиімді, әрі қызықты уақыт өткізесіз. "Жемчуга" клубы кемел жастағы кез келген

адамның өмірін қызықты етіп, жан-жақты дамуына үле қосады.