Вице-министр А.Н Нүкеновпен кездесу

20-04-2017

Вице-министр А.Н Нүкеновпен кездесу

2017 жылдың 17 қаңтары күні Достық үйі-қоғамдық келісім  орталығында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі вице-министрі А.Н Нүкенов өңірлік жоғары оқу орындарының ректорлары  және колледж директорларымен кездесу өткізді. Жинға ШҚО әкімінің орынбасары А. Б Нүсіпова және ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары С.Ж Жеңісов қатысты.Кездесу барысында бүгінгі таңдағы оқу орындарының түйткілді мәселелерінің барынша түйіні тарқатыла талқыланды.Атап айтқанда 2014 жылдан бастап  жүзеге асырыла бастаған «Серпін» әлеуметтік  жобасы бүгінде  еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі бола отырып, жоба жастардың  сапалы  білім алып,  тұрақты жұмыс табуына  зор мүмкіндік  беретіндігіне вице-министр А.Н Нүкенов сенім білдірді. Іс-шара соңында қатысушылардың қойған сұрақтарына жан-жақтылы жауаптар берілді.