20-04-2017
Ағымдағы жылдың 3-наурызы күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен Глубокое ауданы Прогресс ауылында жалпыреспубликалық акция шеңберінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» - атты жолдауының тиімді тұстары мен ерекшеліктерін, сонымен қатар жолдаудағы басымдықтар берілген бағыттарды ауыл тұрғындарына кеңінен таныстыра отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің отырысы өтті. Шараға ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л.Б. Шик, Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары О.Б. Доценко қатысты. Жиын барысында сөз алған ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев қатысушыларға жолдаудың еліміздің дамуы мен болашағы үшін, маңызды екендігіне тоқтала келе сондай-ақ, жалпыхалықтық талқылауға ұсынылған конституциялық реформаның да Елбасының көрегенділігімен дер кезінде жасалынған нақты қадам екендігін жеткізді.